• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Сапалы ауыз сумен қамту мәселесі қалай шешілуде?

Облыс әкімдігінде облыс тұрғындарын ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Онда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасының басшысы жасап, өңірдегі осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталды.


Алдымен ауыз су мәселесіне тоқталған басқарма басшысы 2018 жылдың 1 қаңтарында өңіріміздегі 4 қаланы орталықтандырылған ауыз сумен қамту 84,7 пайызды құрағанын жеткізді.  Облыс қалалары бойынша  көрсеткішті ағымдағы жылдың соңына дейін  86,0 пайызға жеткізу көзделген. Көрсеткішке қол жеткізу үшін Тараз қаласында «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабында сервистік желілердің құрылысына биыл республикалық және облыстық бюджеттен 334,6 млн.теңге бөлініп, ұзындығы 46,2 шақырым болатын құбыр жүйелері жүргізілуде екен. Сонымен қатар, осы алқаптың 12,3 шақырым су құбыры желілерін кеңейтуге арналған құны 183,5 млн.теңге болатын жобаға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда осы екі жобаның мердігер компаниялары  жобадағы жұмыстарды жүргізуде. Бұдан басқа, «Тараз су» МКК  Қант зауыты аумағында құны 205,6 миллион теңге  тұратын жоба бойынша 8 көшеге  7,2 шақырым су құбырларын тарту жұмыстарымен айналысуда, қала бюджетінен бөлінген қаржыға 2017 жылы жұмыстар басталған, осы жылы аяқталады. Жоғарыда айтып өткендей Қаратау және Жаңатас қалаларында  бұл мәселе толығымен шешімін тапқан десек, Шу қаласының  орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу  көрсеткіші төмен.   Нұрлан Алдамжаров Шу ауданы басшылығы осы бағытта жобалар әзірлеп, басқа кіші қалалардағыдай халықты толық  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.  Облыстың 373 ауылдық елді мекендерінің  189 немесе 50,7 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, 181 ауыл  орталықтандырылмаған сумен қамтылып, 3 ауыл тасымал сумен қамтылған немесе 0,8 пайызды құрады. Сондай-ақ, жиын барысында облыстағы қалалалар мен елді мекендерді газдандыру мәселесі де қаралып, жоспарлар мен кездесіп отырған түйінді мәселелер жан-жақты талқыланды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жұмыстарды жандандыру керектігін жүктеді.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.