• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ САЛАСЫ БОЙЫНША «АДАЛ ЖОЛ» ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам болып күресу қажет. Осы ұстанымды негізге алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі барлық мақсатты топтармен бірлесе жұмыс жасауда.


Осыған сәйкес, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің, көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерінен, кәсіподақ орталықтарының, ішкі істер органдарының өкілдерінен құралған «Адал жол» жобасы аясында жұмысшы топ өз жұмысын бастады.


Шымкент теміржол вокзалының қызметіне мониторинг жүргізу барысында, теміржол вокзалы кассасы қызметкері Шымкент қаласынан Астана бағытына билет пласкарттың бағасы 5600 теңге, ал купенің бағасы 8000 теңге деп көрсетсе, аталған бағытта поезд жағалаған делдалдар билетті пласкарттың бағасы 8500 теңге, ал купенің бағасы 13 000 теңгеге ұсынып, кез – келген бағытта межелеген жерге ешқандай кедергісіз жеткізетіндігін атап өтті.


Яғни, билеттерді делдалдар кассадан алып, 2000 – 5000 теңге үстіне қосып, билет жетіспеушілікті қолдан жасап, қымбатқа сатуды кәсіпке айналдырған.


Осындай деректердің алдын алу үшін «Адал жол» жобасының кеңсесі анықталған кемшіліктер бойынша талдау жасап, тиісті шешімдер қабылдайтын болады.


Айта кетейік, аталған салада ұсыныстар мен ескертпелер бойынша «Адал жол» жобалық кеңсесіне (Астана қаласы, Д.Қонаев к,6) Call орталықтың 8702-447-74-02 нөміріне немесе «AdalZhol.kz@gmail.com» электрондық поштасына жіберуге болады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.