• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ТАРАПЫНАН ӘДІСТЕМЕ ҚАЖЕТ

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту және өзекті қылмыстық істердің және жасалған әрекеттердің себептерін қарастыру бойынша өткен мәжілісте хабарлады.


Аталған мәжіліс ағымдағы жылдың 4 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қала әкімі аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды.


Мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Департамент басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                     іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Битеміров, қоғамдық кеңес және Арнайы топ мүшелері, жергілікті және аумақтық мекемелердің басшылары, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.


Іс-шараға төрағалық еткен Ә.Көмекбаевтың айтуынша, мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылыққа көп жол берілетін салалардың бірі мемлекеттік сатып алу саласы болып табылады.


«Мемлекеттік сатып алу саласында кездесетін бұзушылықтардың бірден-бір себебі, мемлекеттік сатып алу жұмысымен айналысатын лауазымды тұлғалар мен конкурсқа қатысатын азаматтардың Заңнамаларды толығымен түсінбеуінде. Сондықтанда, аталған салада жиі кездесетін мәселелер немесе қойылатын сұрақтар бойынша Қаржы министрлігі тарапынан әдістемелік нұсқаулық жасау қажет деп ойлаймын» - деді Әли Амантайұлы.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің штаб бөлім басшысы Жанболат Садвокасов ҚР «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптарын тиісті дәрежеде орындамаған мемлекеттік органдар туралы баяндама жасап, оларды жою бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді.


Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық деректері бойынша Агенттіктің 1424  Call-орталығы, сонымен қатар, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында  +7 702 201 51 51 WhatsApp нөмірі және 51-51-51 сенім телефоны жұмыс жасайды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.