• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

900 отбасы оңтүстіктен солтүстікке көшуге ниетті

2016 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің қатысуымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске Оңтүстік Қазақстан облысынан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков қатысты.

Мәжілісте жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік өңірлеріне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Өз кезегінде Ұ.Сәдібеков атқарылған жұмыстар жөнінде таныстырып, Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға 900-ге жуық отбасы ниет білдірсе, жыл басынан бері 70-тен астам отбасы қоныс аударғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған жұмыстарды реттеуге бағытталған заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тарапынан қолдау тауып, тиісті құзырлы органдарға нормативтік-құқық тық актілерді өгерістер енгізу арқылы сәйкестендіру тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

 

 

Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.