• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Жамбыл облысында ақпараттық жүйелерге электрондық денсаулық паспорттар енгізілуде

Жамбыл облысында жалпы 95 алғашқы-медициналық көмек нысанының құрылысын салу қажет. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 30 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал, бюджет есебінен – 9 нысан. Бұл туралы  “Баласағұн” орталық концерт залында өтіп жатқан жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.


Бюджет қаражатын үнемдеу негізінде 95 нысанның құрылысын жүргізу мерзімін 8-10 жылдан 3 жылға қысқарады. Құрылысқа жұмсалатын 6,5 млрд.теңге мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2,3 млрд.теңгеге дейін қысқартылып, қаржы едәуір үнемделетін болды. Сондай-ақ, Президент Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру және ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көбейту тапсырылды. Осы бағытта емдеу ісін басқару бағдарламасы 20 емханаға енгізіліп, 180 маман оқытылды.


Жалпы, диспансерлік есепте тұрғандар саны – 78 259 науқас. Оның ішінде 11% бағдарламаға енгізілді. Жылдың соңына дейін бұл 20%-ға жеткізіледі.  Осы бағдарламаның жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейтілетін болады. 2018 жылдың 9 ай қортындысымен 1 жалпы практикалық дәрігерге (ЖПД)-ге 1696 адам тіркелген (республикалық көрсеткіш 1 дәрігерге – 1700). Ағымдағы жылы 1 жалпы практикалық дәрігерге жүктемені азайту мақсатында 30 дәрігерлік учаске ашылады. Мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының жоспарлы көрсеткішіне (1672) қол жеткізіледі.


Денсаулық сақтау ұйымдарында 121 бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 111 электрондық нұсқаға көшті (Жыл соңына дейін толығымен енгізіледі). Облыс бойынша 11 медициналық ұйымға «Е – Kezek» электрондық кезекті енгізу үшін жергілікті бюджет есебінен 73,0 млн. теңге бөлініп жыл соңына дейін игеріледі.


Қазіргі таңда 43 денсаулық сақтау мекемесінде жалпы 8686 медициналық қызметкер ақпараттық жүйелерде жұмыс жасайды. Ақпараттық жүйелерге 732 946 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. «Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген халық санының 65,9 % құрады. Бұл 2019 жылдың 1 қаңтарына 100 пайызды құрайтын болады.


Қатерлі ісіктердің аурушаңдығын, өлімін төмендету және онкологиялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында облыста онкологиялық диспансерінің құрылысы жүргізілуде (Оған республикалық бюджеттен 250,0 млн теңге, жергілікті бюджеттен 83,0 млн теңге бөлінді).


Айта кетейік, Елбасы Жолдауда медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті екендігін және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі туралы атап өткен болатын.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.