• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Жамбыл облысында 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы басталды

Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы басталды. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, ағымдағы жылы 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы – 20 үй яғни 1 380 пәтер пайдалануға тапсырылатын болады.  Бұл туралы “Баласағұн” орталық концерт залында өтіп жатқан жиында өңір басшысы Асқар Мырзахметов айтты. 


Жалпы, Тараз қаласында 686 пәтер бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтарға ұсыну үшін дайын.  «7-20-25 Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкінің филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.


Облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн.теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды (10 млн.-71 мың теңге, 7 млн.-51 мың теңге). «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінде 44648 салымшыдан 9,9 млрд. теңге жиналды.  Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артты.
(2 861 адам немесе барлық салымшылардың 6,4 %). Биылғы жылы тапсырылатын 10 көп қабатты тұрғын үйден пәтер алуға 1039 азамат ниет білдіріп отыр.


Жалпы, сегіз айда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы арқылы 3,9 млрд. теңгені құрайтын 547 несие берілді. «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 211, 6 млн. теңгеге 23 өтініш түсіп, барлығы қолдау тапты (Центркредит банкі, Оның ішінде, 15 азаматқа 165 млн. теңге несие берілді, оның 7 Тараз қаласынан «Бином» ЖШС алған).  Дегенмен де, қала, аудан әкімдері бағдарламаны халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Әкімдік бюджеттік сала қызметкерлеріне алғашқы жарналарды төмендету үшін қолдау шараларын қарастыратын болады. Бұл үшін арнайы бюджеттік бағдарлама кодын енгізу тиісті министрліктерде қаралуда. Мүдделі басқармалар тұрғын үй кезегінде тұрған және жинақ шоттарында алғашқы жарналардың 10 пайыздық мөлшері бар, бағдарламаға қатысуға ниет білдірген бюджеттік сала қызметкерлеріне алғашқы жарналарын субсидиялау үшін бюджеттен қаржы қарау мәселесін пысықтайтын болады.


2019 жылға тұрғын үй құрылысының көлемі 465 мың шаршы метр көлемінде жоспарланып отыр. Биылғы жылдың жоспарына өсім 8% құрайды (болжамды көрсеткіш). Жоспарда бюджет есебінен 28 (1 965 пәтер, 114 369 м2) көппәтерлі тұрғын үйлердің (20 кредиттік үй – 1 380 пәтер, 78 050 м2, 8 арендалық үй – 585 пәтер, 36 319 м2) және 6 жаңа алқапқа қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар. Соның ішінде, 20 үйді (1380 пәтер) «7-20-25» бағдарлама аясында тұрғындарға пайдалануға беру көзделіп отыр. Жоспар аясында биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастау үшін бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн. теңге бөлінді.


Сонымен қатар, Президент өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру үшін, «инфрақұрылым аудандарға» моделінен «адамдар инфрақұрылымға» моделіне көшуді ұсынды. Сондықтан, халық көшіп кеткен, даму әлеуеті жоқ елді мекендердің статустарын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қайта қарау қажет.


Бүгінде облыста халық саны елуден төмен 15 ауыл бар. Осы жұмыстарды сәулет және қала құрылысы басқармасы үйлестіретін болады.


Айта кетейік, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» бірінші бағыты (Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру) аясында бірқатар жобалар іске асырылуда.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.