• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Жамбыл облысында бес мектептің құрылысы жүріп жатыр

Елбасы қазан айындағы Жолдауында үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешуді  тапсырды. Осы орайда Президент үш ауысымды мектептер және мектеп жетіспеушілігін жоюға 50 млрд теңге бөлінетінін, мектеп құрылысын ең қажетті деген елді мекендерде салу керектігін де қадап айтқан болатын. Айта кетейік, Жамбыл облысында биылғы жаңа оқу жылында тоғыз мектеп пайдалануға берілді. Үш ауысымда жұмыс істейтін үш мектептің, апатты жағдайдағы – үш, орын тапшылығы бар үш мектептің мәселесі шешілді. Апатты жағдайдағы төрт және үш ауысымда  бір мектеп қалды. (Байзақ ауданы, Ақшолақ станциясындағы 120 орындық орта мектеп).


Жамбыл облысында қазіргі таңда бес мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нысандар пайдалануға берілгенде бір үш ауысымды, төрт  орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешіледі. Әлеуметтік саладағы нысандарды қажеттілігіне қарай салу бойынша біз бұл жұмысты бастап Жолдауда айтылған маңызды мәселелерді талқылаған жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бүгінгі уақытта облыста әлеуметтік нысандардың, соның ішінде мектеп құрылысының үш жылға арналған Жол картасы әзірленін жатқанын айтып өтті. Оған алдағы уақытта басымдық беріліп отырған 48 білім беру нысанының құрылысы енгізілді. Қалған мектептер кезең-кезеңімен шешіле бермек.


«Жол картасы қырық үш мектептің, оның ішінде үш апатты және он бір  апатты болуы мүмкін, он бір орын тапшылығы бар мектептің, он сегіз мектепке қосымша ғимараттар мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Бұл жерде жобалық-сметалық құжаттардың мерзімінде әрі тиімді әзірленуі де маңызды. Осы жерде, тағы да еске салуға болады, құрылыс саласында бюджет қаржысын тиімді пайдаланудың арнайы Регламентін бекіттік. Сонымен қатар, құрылыстың сапалы жүргізілуі де тілге тиек етілді.


Жобалық-сметалық құжаттар әзірлегенде Регламент қатаң басшылықта болады. Бүгіннің өзінде дайындалған 133 жоба бойынша 10 млрд теңге үнемделіп отыр. Мысалы, Жуалы ауданындағы сексен орындық мектеп құрылысының құны 624 млн. теңге. Қайта есептеп, ықшамдау нәтижесінде 289 млн. теңгеге дейін қысқартылды» дейді Асқар Исабекұлы.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.