• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Жамбыл облысында жасалған өнімдерді шетелдіктер қызығушылықпен тұтынуға көшті

Шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржы көлемі артады. Бұл туралы “Баласағұн” орталық концерт залында өтіп жатқан жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтты.


– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға осы мақсатта жоспарланған 1,2 млрд. теңгені кемінде 2 есеге ұлғайту қажет. Бұл жаңадан ашылатын кәсіпкерлік пен кәсібін кеңейтетін бизнестің үлесін 30%-ға арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Даму» қорымен бірлесе қаражат бөлу принципімен 2018 жылы облыстық бюджеттен 500 млн. теңге, «Даму» қорынан 1 млрд.теңге қарастырылған. Ал, ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,0 млрд.теңге бөлініп, жалпы сомма 5 млрд.теңгеге жетті. Келесі жылы бұл қаржылардың көлемін барынша көбейтетін боламыз, – деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов. Қазіргі таңда облыс аумағында ірі өндіріс ошақтарынан бөлек 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысандары жұмыс жасауда. Оның 40 мыңға жуығы жеке кәсіпкер болса, 15 мыңы өз нәсібін шаруа қожалықтары арқылы айырып отыр.
Саланы дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың тигізер пайдасы орасан. Мәселен, мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында (2010-2014 жылдар) жалпы құны 123,3 миллиард теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба іске асырылса, соның есебінен 4 958 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2015-2019 жылдарға арналған екінші бесжылдығы аясында жалпы құны 511,4 миллиард теңге болатын 32 инвестициялық жоба жемісті жүзеге асырылуда. Аймақ экономикасындағы осынау ірі жетістікті бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының артуымен байланыстыруға болады.Осы аралықта аймақта бұрын-соңды болмаған қуатты кәсіпорындар бой көтеріп, жергілікті тұрғындар арасында жұмыссыздық мәселесі шешімін таба бастады. Ең бастысы, Жамбыл облысында жасалған өнімдерді шетелдіктер қызығушылықпен тұтынуға көшті. Тек ағымдағы жылдың 8 айында жалпы көлемі 93,4 миллион АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.