• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Қонақүй бизнесі туризм саласының негізгі факторы

Қонақ үй бизнесі туризм саласының жетекші факторы болып саналады. Елімізде туризммен бірге қонақүй индустриясы да дамып келеді. Қонақ үй мәртебін мен статусын көтеру, үш жұлдыздан бес жұлдызға дейін көтеру сатысы сервистік қызметті арттырып ғана қоймай, еліміздің экономкасына айтарлықтай үлес қосатыны рас. Қазіргі таңда Қазақстанда 1500-ден аса қонақ үй тіркелген. Соның бірі де бірегейі - 1961 жылы пайдалануға берілген «Жамбыл» қонақ үйі Кеңес Одағы кезіндегі сәулет өнерінің ескерткіші саналады. Бүгінде Тараз қаласының «визиттік картасына» айналған қонақ үйде «Кеңестік кезеңдегі «Жамбыл» қонақ үйі» атты мұражай ашылды. 


Онда қонақ үймен байланысы бар тарихи құжаттар, ақпараттар, жиһаз бен кеңес одағы кезеңіндегі атрибуттар таныстырылып, алғашқы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кездегі суреттер мен құрылыс аяқталғаннан кейінгі қонақ үйдің көрінісі бейнеленген суреттер көпшілік назарына ұсынылды.


Бұдан бөлек, бұл күні жиһаз бен атрибуттардан тұратын нөмірдің кішкене көшірмесін көзбен көріп, қонақ үйдің ашылуы туралы жазылған мақаланы оқуға, сол кезеңде Жамбыл қаласында өткен партия конференцияларында қатысушыларға берілген қызыл блокноттармен танысуға мүмкіндік болды.


Уақытында мұнда жұмыс істеген ардагерлердің айтуынша, қонақ үйде әр қабат бойынша кезекшінің үстелінде үстел шамы, фойеде теледидар тұрған. Ал облыстық және қалалық комитеттер сол кездегі атрибуттардың бірі – телефон арқылы байланысып отырған екен.


Жалпы, жарты ғасырдан астам тарихы бар аталған қонақ үйге көптеген атақты тұлғалар жиі тұрақтаған. Мәселен, қонақ үйдің 209 нөмірінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы қызметін атқарып жүрген кезінде тоқтаған екен. Сондай-ақ, ҰОС ардагері, ұшқыш, Кеңес одағының екі мәрте батыры — Талғат Бигелдинов, қазақтың атақты композиторы, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов, жазушы, Қазақстан мен Қырғызстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері — Шыңғыс Айтматовта болған. Ал мұнда тұрақтаған басқа да танымал тұлғалардың есімдері жайлы және қонақ үй туралы мол ақпаратты музейді барып тамашалап білуге болады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.