• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

«Сыбаға» бағдарламасы мақсатқа жетудің тиімді жолы

Созақ ауданы ежелден-ақ мал шаруашылығына қолайлы аймақ. Ірі қараны өсіру жағынан кезінде жетістіктерге қол жеткізген, тұрғындары қой, жылқы, түйе бағуға келгенде алдына жан салмайды. Тарихи ауданның қазіргі халі қалай? Әсіресе, ауыл шаруашығы бүгінде нендей көрсеткіштерімен мақтана алады десек, алдымен көзге түскені – мал санының жылдан-жылға артып келе жатқаны. Мемлекеттің ауыл халқына өз шаруашылығын бастап, дамытуға қомақты көмек көрсететіні белгілі.  Соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы ауыл адамдарына үлкен көмек болды. 2011 жылдан бастау алған бұл бағдарлама  - асыл тұқымды жас малды қалпына келтіру мақсатында 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін 7 жыл мерзі­мінде жылдық 6% сыйақы мөлшерінде қарыз беріледі. Бұл күнде аталған бағдарлама Созақ ауданында ойдағыдай жүзеге асырылған. Мұны аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әубәкір Сахиұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында хабарлады. Мәселен, 2016 жылдың соңына дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1500 бас мүйізді ірі қара малын асылдандыру көзделсе, жыл басынан бері жеті айда асылдандырылған ірі қара басы 1538-ге жетіп, меже 102 пайызға орындалып отыр. Сол сияқты, «Алтын асық» бағдарламасының тапсырмасы бойынша 2000 басқа жеткізу жоспары, 230 басқа артық шығып, 111% орындалды. Ал, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы 300 бас болып бекітілсе, қазіргі таңда пайыздық меже 101% құрап отыр. Бір жылға межеленген жоспарды жеті айда орындап үлгерген Теріскейдің ауыл шаруашылығы мамандары жұмыстар мұнымен тоқтамайды дейді. Мал басын асылдандырамен деп ниет еткен шаруалармен жұмыстар одан әрі жүргізіле бермек.


Қарыз алушыларға төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық, өті­ніш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) айда салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы, соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымсыз несиелік тарихының болмауы, малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты және басқа да талаптар қойылады.  Өз бизнесін бастау немесе дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие алуға өтінішпен келетін жеке азаматтар мен шаруа қожалықтары аз емес. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.