• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Жас кәсіпкерлерлер арасынан үздік жоба иесі анықталды

Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімінің ұйытқы болуымен жас кәсіпкерлер арасында жылдағыдай «Innovation» байқауы өткізілді. Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету жобасы биыл 2016 жылдың 15 шілде айында басталды. Бұл байқау интеллектуалдық дағдыларды дамытуға және ғылымды насихаттауға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Осы саладағы нақты күрделі мәселелерді шешу үшін инновациялық жобаларды енгізу - басты мақсаттардың бірі. Байқауға барлығы 82 өтінім беріліп, осы уақыт аралығында комиссия жобаларды қарап, оның ішінде ең үздік 10 жоба іріктеп алып шықты. Ұсынылған жобалардың негізгі бағыттары - ІT технология, өндіріс, білім және жұмыспен қамту болып табылады. Байқауға қатысушылар ең үздік бизнес-жоба үшін грант ұтып алды. «Innovation» стартап жобалар байқауы оң қадам танытып, бастауыш кәсіпкерлердің назарын аударды. Жоба «Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық даму-2020» Концепциясы аясында жүзеге асырылуда.


Байқау ІІ кезеңмен жүргізілді, біріншісі - іріктеу кезеңі, екіншісі - жобаны  таныстыру және қорғау кезеңі. Жобаларды іріктейтін І кезеңнің негізгі талаптарына жобаның жаңалығы және инновациялық құрамдас бөліктері, тәжірибелік үлгінің немесе модельдің, сондай-ақ іске асырылған іс-қимылдардың болуы, жобаның коммерциялық әлеуеті және іске асырылуы, жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы  айтылды.  ІІ кезеңде жобаны таныстыру немесе қорғау  негізінде жеңімпаздар анықталды, осы орайда іріктеудің негізгі, қосымша талаптарына қоса финалда  таныстырудың мазмұндылығы, таныстыру дағдылары, сендіре білу, қатысушының дарындылығы, сонымен қатар  сұрақтарға  берген жауаптары сияқты  іріктеу  талаптар қойылды. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.