• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

Шардаралық шаруалардың биылғы өнімі мол шықты

Шардаралық шаруалар биыл бау-бақшадан мол өнім алып отыр. Аудан бойынша осы маусымда 59 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері ексе, соның 11 мың гектарға жуығы бау-бақша дақылдары болып табылады. Әсіресе, күннің көзі жылынысымен егістік алқапқа шығып кеткен диқандар қауымы қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнімдерін нарыққа шығарып үлгерді. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңға дейін шардаралық шаруалардың 3338 гектар егіс алқабынан 83450 тонна қауын-қарбыз сатылымға шығарылған. Оның ішінде, өзіміздің нарықтан бөлек, 50 000 тоннасы Ресей мемлекетіне экспортталса, қалғаны өзіміздің солтүстік облыстарға жөнелтіліпті. 
Мамандардың есебі бойынша гектарынан орташа 250 центнерден өнім алған аудан диқандарының көңілдері тоқ деп айтуға болады. Бау-бақша өнімдерінің басым бөлігі енді пісіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш күн сайын арта түсетіні белгілі. 
Мәселен, Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылы соңғы бірнеше жылдың көлемінде бітік өскен жуасымен жұртқа танылып келеді. Голландиялық тәсілмен егетін пияз алқабындағы басты ерекшелік ондағы қол күшінің барлығы техника түрімен алмастырылған. Осылайша шаруалар арам шөпті отау, пиязды қолмен жинау сияқты машақаттардан біржола құтылған. 
Сейдулла Доматовтың иелігіндегі «Тұрар» шаруа қожалығы биылғы жылы 30 гектар жерге пияз тұқымын сеуіп, қазіргі таңда өнімді жинаумен айналысып жатыр. Диқандардың көңілдері көтеріңкі, себебі гектар түсімі 850 центнерден айналып отыр. Яғни, әр гектардан 85 тоннадан пияз өнімін алу деген өте жоғарғы көрсеткіш. Жаушықұмның жуасы қазіргі таңда Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларына тасымалданып, саудаға шығарылып жатыр. Ал, аудан басшыларының ұйымдастыруымен ауылдан арнайы бекет ашылып, жергілікті тұрғындарға әр келісі 50 теңгеден жаңа пияз өнімдері таратылуда. Базарда пияздың бағасы 80 теңгеден екенін ескерсек, арнайы бекеттегі арзан баға халықтың қалтасына жеңіл тиіп жатқаны сөзсіз.


Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17