• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

«Жастар практикасы» . Мүмкіндікті пайдаланыңыз!

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында құрылған «Жастар практикасына» бағдарламасы жастар үшін зор мүмкіндік болып отыр. Жаңадан оқу орнын тамамдаған жас маманға алдымен тағлымдамадан өтіп, кейін маман болып қалыптасуына оң әсерін тигізуде. Осы мақсатта өткен жылы «Жастар практикасына» аудандағы түрлі мекемелерге 74 жас тағлымдамаға жолданып, 66 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.
2014-2015 жылдары және биылғы жылы оқу орынын бітірген 29 жасқа дейінгі 77 жұмыссыз жастар 43 мекемемен келісім-шарт жасап, практикаға жолданды.


Ирада Раушанбекқызы Тәжібай, Түлкібас поселкесінің тұрғыны:


-2011 жылы Шевцов атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, сол жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Қоғамдық денсаулық сақтау»  мамандығы бойынша оқуға түстім. 2015 жылы оқу орнын тәмамдап, «қоғамдық денсаулық сақтау» біліктілігін алып шықтым. Дипломымды алған соң, жан-жақтан жұмыс қарастыра бастадым. Қасымдағы құрбы-құрдастарымның айтуымен 2016 жылдың ақпан айында Түлкібас ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне жұмыссыз ретінде тіркеліп, әрі қарай «Халықты жұмыспен қамту» орталығына жұмыс іздеп бардым.


Дәл сол уақыттары менің мамандығыма бойынша бос жұмыс орны табыла қоймаған соң, орталықтың жолдамасымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жастар практикасы арқылы тәжірибен өтуге ұсынылдым. Үстіміздегі жылдың  17 ақпанынан бастап 17-ші шілдеге дейін Түлкібас аудандық емханасында тәжірибеден өттім.  Дегенмен, мамыр айында эксперт мамандығы бойынша бос жұмыс орны жарияланып, осында жұмысқа тұрақты қалуыма мүмкіндік туды. Жастар практикасының берері мол. Мұнда көптеген жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі, білікті дәрігерлерден, медбикелерден кеңес алып, үйреніп жатырмын. Бұл жерден тәжірибеден өткенім, жұмыс істегенім үшін мемлекеттен жалақы алдым. Меніңше, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жастардың бойына ертеңгі күніне деген сенімділікті ұялатады, яғни жұмыссыз жүрген жастар осы бағдарлама арқылы жұмыс таба алады. Жұмыссыздық азаяды. Сондықтан ел болашағы үшін ауқымды бағдарлама қабылдап, оны жүзеге асыра блген мемлекетімізге рахмет айтқым келеді.


 


Бөлісу:
Ұлан Асқарқызы жазған (2017-07-16 10:00:22):
Сəлеметсіздерме? Мен Жастар практикасымен жұмыс істеп жүрмін, Түркістан қаласы, нөмері 5 ересектер емханасында. Өтінім хатымызда жұмысқа тұруына үлесімді тигіземін деп жазылған басшылықтан. Енді мен тұрақты жұмысқа орналасуым үшін қайда барып кіммен сөйлесуім керек?

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17