• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Мектептердің құрылысын онлайн көре аласыз

 ОҚО-дағы құрылыс нысандарын бақылауға алу үшін жаңа әдістер қолға алына бастады.  Расында, ірі құрылыс жұмыстарының басында жазатайым оқиғалар орын алып жатады. Кейде мұқиятсыздықтың салдарынан адам өлімі болған жайттар кездесті. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында, әрі құрылыстың сапалы жүргізілуін қадағалайтын оймен жоспарлы түрде бірқатар құрылыс нысандарына бейнебақылау орнатылды. Бейнеқондырғылар күндіз-түні жұмыс істеп, бұл ғаламтордағы онлайн жүйесіне қосылды.  Бұл бастаманы аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов тікелей өз назарына алып отыр, қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасына орай  бейне бақылау камералары өңірдегі 39 әлеуметтік нысанға орнатылған. Алдағы уақытта мұндай бейне бақылау құрылғылары құрылысы жүріп жатқан 16 ғимаратқа қойылмақ. Үйіңізде, не кеңсеңізде отырып-ақ қызу қызу құрылыс жұмыстарының қаншалықты орындалғанын, қай сатыға келгенін бақылап, біліп отыру - билік пен халық арасындағы, мердігер компания арасындағы ашықтықты көрсетеді.


Бұл жұмыстардың мақсаты облыс басшылығының кез келген уақытта кез келген аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектеп пен балабақшаның сапасы мен жүріп жатқан жұмыстардың барысын қадағалау үшін жасалған.


Айта кетейік, Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың онлайн көрсетілімін Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтынан көруге болады. Ол үшін интернет ресурстың басты бетіндегі «Бейнебақылау» айдарына еніп, құрылыстың барысын виртуалды түрде бақылай аласыз. Құрылғыларды орнатудың тағы бір артықшылығы, құрылыс нысандары аяқталған соң орнатылған камералар мекемелердің еншісінде қалады. Бұл өз кезегінде, ондағы қауіпсіздікті сақтап, бақылауда көмек болары сөзсіз. Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, мемлекеттік органдардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы ғана сапалы құрылыс жұмыстарын орындау үшін осындай жаңалық ашып, қолданысқа енгізіп отыр. 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.