• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды

   Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке  жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды. Сонау 2001 жылдан  бастау алған қайырымдылық шарасы облысымызда  жаңа оқу жылы қарсаңында тағы да ұйымдастырылмақ. Акция мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі  балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау мен көмек  беру. Бұл акцияның аясында 2001 жылдан бері өзге облыстарда көптеген шаралар өтуде. Мысалға алсақ: «Балаға мейірім сыйла!», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары, «Жақсылық жасауға асығайық» марафоны, «Мейірімді қолдар» акциясы және т.б.


  «Мектепке жол» акциясы аясында бүгін ОҚО, Аймақтық коммуникациялар қызметінде Елбасының тапсырмасымен мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық акциясы жайында ОҚО Білім басқармасының бөлім басшысы Ғ.Жүсіпова брифинг өткізді. Брифингте Ғалия Жүсіпова: «Жаңа оқу жылы қарсаныңда күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына өтеусіз материалдық көмек көрсету басты мақсат болып табылады» - деді. Одан өзге тұрмыстық жағдайы төмен жəне көп балалы отбасылардағы мектепке баратын балаларға мемлекет тарапынан жəне еліміздегі ақ жағалы жомарт жандардың қолдауымен жақсы жəрдем берілетіндігі жайлы, акция барысында азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін «Сенім телефондары» жұмыс істейтіндігі жайлы, көмекке мұқтаж балалардың дерек қорын қалыптастыру үшін мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында үйлерді (пәтерлерді), аралап тексеруді жүргізу жайлы айтылған болатын. Бұл акция тұрмыстық жағдайы төмен жəне көп балалы отбасыларға көп септігін тигізеді деген ойдамыз.


 "ОҚО-13" ақпараттық порталы


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17