• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Алтыннан алқа

Жақында ғана «Бүкіл әлемнің кіл мықтылары бас қосатын Әлем  Чемпионаты Ойындарында ел намысын ағайынды Емельяновтар қорғайтын болады» - деп, жар салған болатынбыз. Бұл жаңалықтың да сүйіншілеткен хабары көп күттірмеді. 30 шілде күні Белоруссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен «Әлем чемпионатында» ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар екілік каноэда 1000 метрге жарысып, алтыннан алқа тақты. Ал, қола медальді жеке каноэда 200 метрге ескек есуден Сергей Емельянов алды. Осылайша Оңтүстіктің қоржыны екі бірдей медальмен толықты. Әлем чемпионатындағы екінші орынды румындықтар еншілесе, украиналық спортшылар алғашқы үштікті қорытындылады.


   Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бадам» су қоймасының маңынан байдарка және каноэда есуден оқу жаттығу базасының спорт ғимаратының ашылуы облысымыздағы бұл спорт түрінің дамып келе жатқанының айғағы. Алдағы уақытта жоғарыда аталған оқу жаттығу базасы бұл спорт түрінің талай саңлақтарын дайындайды деген үміттеміз.


Ескекшінің спорттағы жетістіктеріне тоқталайық: Сергей Емельянов 1995  жылдың 19 мамырында дүниеге келген. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы - 2013, Бүкіләлемдік Универсиаданың күміс жүлдегері - 2013, Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері - 2013. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Казаньда өткен Универсиаданың жеке каноэда 500 және 1000 метрге ескек есуден күміс жүлдегері. Тимофей Емельяновпен екілік каноэда 200, 500 және 1000 метрге ескек есуден үш рет алтын алқа иегері атанған. Ал, Александр Емельянов 1984 жылдың 1 қаңтарында Шымкент қаласында дүниеге келген. Байдарка мен каноэда ескек есуді ол Ольга Подойниковадан үйренген. Бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие А.Емельянов "төрттік" қайықта ескек ескен ойындардың жеңімпазы. Ал Олимпиада ойындарына жолдаманы ол үш отандасымен бір қайықта «Әлем чемпионатында» жеңіп алды. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.