• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Әділет департаментінде электронды формат арқылы он мыңнан аса қызмет көрсетілді

Жамбыл облысында 1 805  тұлға мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыстық Әділет департаменті басшысы Дархан Игембаев мәлімдеді.


Дархан Жұмабайұлының айтуынша,  Әділет органдары көрсететін елу сегіз мемлекеттік қызметтің он екі мемлекеттік қызметі Әділет департаментімен көрсетіледі. Әділет органдарының алғашқы кезекті міндеттерінің бірі «электрондық үкіметті» дамыту болып табылады. Департаментпен  есепті кезенде 49 002 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызметтердің жалпы санынан алғанда 10 181 қызмет электрондық форматта көрсетілген. Сондай-ақ, Әділет органдарының бірден-бір басым бағыты сот актілерін орындау болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сот актілерін міндетті түрде орындауға тиіс. Статистикалық мәліметке сәйкес, жалпы орындауда барлығы 8,5 млрд.теңгені құрайтын 5 867 құжат болған. Осы кезеңде, соммасы 2,2 млрд. теңгені құрайтын 3 189 атқару өндірісі  жалпы аяқталған.


Сонымен бірге, Әділет органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі халықтың құқықтық сауаттылығын көтеріп,  құқықтық түсіндіру жұмысының ауқымын кеңейтіп сапасын жақсарту. Есептік кезеңде әр түрлі бағыттар бойынша Департаментпен барлығы 3 374  іс-шара ұйымдастырылып, жүргізілген. Жамбыл облысында қазіргі таңда барлығы жетпіс алты жеке сот орындаушылары өз қызметтерін атқаруда, оның ішінде Тараз қаласы елу екі, аудандары жиырма төрт жеке сот орындаушыларымен қамтылған. Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларының саны да, құқықтық қызмет сапасы да артып келеді. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамында көрсетілген бағытқа байланысты мемлекеттік сот орындаушылар институты бірте-бірте бұл міндетті жеке сот орындаушыларына тапсыратын болады. Бүгінгі күні республика бойынша 1200 сот орындаушысы қызмет етеді. Мәліметтерге сүйенетін болсақ, қа­зіргі кезде сот және мемлекеттік құзырлы ор­гандар қабылдаған құжаттардың жарты­сынан көбі, 57 пайызы осы жеке сот орын­даушылардың күшімен орындалып жатыр.  2018 жылдың тоғыз айында жеке сот орындаушылардың өндірісінде барлығы 75 млрд 659 млн 084 мың 059 теңгені құрайтын 134 104 атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде 22 млрд 336 млн  680 мың 735 теңгені құрайтын 43 287 атқару құжаты өндіріспен аяқталған.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.