• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Вице министр Жамбыл облысының білім ошақтарын аралады

ҚР білім және ғылым вице министрі Эльмира Суханбердиева Жамбыл облысына ат басын тіреді. Вице-министр мектеп башыларынның басын қосып арнайы жиын өткізді. Онда оқытудың тиімділігі мен жүзеге асырылу мәселесі  талқыланды.


Кездесу барысында, ең алдымен жиылғандар Керчь қаласында болған қанды оқиғаны еске алды. Келесі кезекте талқылауда Елбасының жолдауы болды. Биылғы жылдың қазан айындағы Жолдауында білім саласы мен жастар мәселесіне кеңінен тоқталғаны белгілі. Сонымен қатар, Жолдауда айтылғандай педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу керектігі ескертілді. Сондай-ақ, негізгі мәселелердің бірі - білім ошақтарындағы оқушылардың жеке қауіпсіздігі. Қазіргі таңда еліміздің мектептері бейнебақылаумен 80 пайызға қамтылған. Ал, біздің облыс бойынша бұл көрсеткіш 95 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, мектеп психологтарын көбейту жайы да талқыланды. Сондай-ақ, жиын барысында мұғалімдерге артылатын жүктемелердің санын азайта отырып, бейберекетсіз тексеріс түрлерін де доғаруды баса айтты. Өйткені бұл жұмыстың жүйелі жүруіне кері әсерін тигізетінін де тілге тиек етті. Алдағы жылдан бастап оқытушылардың жалақысы көретілетінін ескере кеткен басшы, мектеп директорларымен олардың орынбасарларының да өтемақысы жоғарылайтынын  жеткізді. Жолдаудың айта кетер тұсы – оқушыларды орта сыныптардан бастап қай мамандыққа бейім, соған назар аударып, бағыт-бағдар беруді тапсырғаны белгілі.


Жиыннан соң Эльмира Суханбердиева қаламыздағы № 35-ші «Ер Төстік» балабақшасына табан тіреді. Өз есігін алғаш 2012 жылы ашқан орда 250-бүлдіршінге арналып соғылған. Онда музыкалық және гимнастикалық зал, инновациялық орталық, психолог кабинеті және логопед те бар. Осы арада басшы, мектепке дейінгі  білім  беру мекемелерінде сапаны арттыруды тапсырды. Кездесу барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі балабақша тәрбиешілеріне мектепке дейінгі білім беру саласында бірқатар кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі жаңадан ашылған облыстық ІТ лицей-интернатының жұмысымен танысып, білім ошағының оқушыларымен сұхбаттасты.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.