• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«Бағдарламаның шапағатын көрдік»

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты деуге болады. Бұл бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмысқа қабылданған мамандардың бірі – көп балалы ана Кенже Жұмабекова. Ол қазір тәтті нан өнімдерін шығаратын жеке кәсіпкер Д.Жақыпбекованың қарамағында. Сол жерде жұмысқа қабылданып, кондитер өнімдерін пісіре бастаған. «Еңбектің наны тәтті», күнделікті сұранысқа ие торттар, бәліш, самса, печеньелердің алуан түрін әзірлейтін Кенженің осы жұмысы өзінің сүйікті ісіне айналып үлгерген. Тұрғындар тарапынан тапсырыстар да көбейіп келеді.


Кенже Жұмабекова, «Жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысушы:
– Өзім Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келіп, 1995 жылы И.Рыбалко атындағы орта мектепті бітіргенмін. Содан бері тұрақты жұмыс таппай жүрдім. 2016 жылдың 15 қаңтарында аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыз ретінде ресми тіркелдім. Содан соң іле-шала 21 қаңтар күні жолдамамен әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырған мекемеге жіберілдім. Қазіргі таңда ұжымда бір топ қыз-келіншектермен қатар күнделікті тұрмыста тұтынатын тәтті нан өнімдерін шығарамыз. Өз жұмысыма көңілім толады, ай сайын зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды қосқанда 52 000 теңге жалақының 18 200 теңгесін мемлекет субсидиялайды. Жұмыспен қамту орталығына алғысымды білдіремін.   


Бағдарламаның басты мақсаты – халықты жұмыспен тұрақты және оң нәтижелі қамтуға іске асыру арқылы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін түзеу, отбасы табысын арттыру болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту да осы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында іске асып жатқан дүниелер.   


Өз тілшіміз.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.