• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ШЫМКЕНТТЕ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АЛУДЫ АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

2018 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Амантайұлы Көмекбаевтың төрағалығымен Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті.


Әдеп жөніндегі кеңес отырысы Шымкент қаласында орналасқан бірқатар мемлекеттік орган басшыларының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында өтіп, онда Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары және кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді.  


Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу керектігі тапсырылған.


Алайда, жүргізілген талдау нәтижесімен кейбір мемлекеттік органдар өздеріне тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде көрсетуге мүмкіндігі болса да, «тікелей» мемлекеттік орган арқылы көрсететіні анықталған.


Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында заңнаманы бұзудың профилактикасы және мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша Шымкент қаласының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және ветеринария, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармалары басшыларының атқарған жұмыстары тыңдалды.


Нәтижесімен азаматтар мен шенеуіктердің тікелей қарым - қатынасы сыбайлас жемқорлықтықтың пайда болуына жағдай жасайтыны түсіндіріліп, мекеме басшыларына бұзушылықтарды алдын алу және электронды түрде қызмет алу үлесін арттыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді. 


Осы ретте, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан бұзушылықтарға жол берген қызметшілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.