• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«Innovation» стартап жобалар байқауының жеңімпаздары кімдер?

Жақын күндері  Шымкент қаласының кәсіпкерлер бөлімінің тапсырысымен  ОҚО, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы»  мен облыстық «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған «Жас Отан» ЖҚ-ы бірлесе жас кәсіпкерлерге  арналған «Innovation»  байқауын қорытындылаған болатын. Аталмыш жобаның мақсаты жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жаңа жобаларды дамыту болып табылады. Байқауға қатысушылар ең үздік бизнес-жоба үшін жалпы соммасы 2 000 000 теңгені құрайтын  грант ұтып ала алады. Бұл  жоба жас кәсіпкерлерге берілген үлкен мүмкіндік. 2016 жылдың шілде айының 15-ші жұлдызынан бастау алған бұл жоба, бүгінгі таңда өз жеңімпаздарын анықтап та қойды. Комиссия қарауына жалпы 82 өтінім беріліп, оның ішінде ең үздік деп танылған 10 жоба іріктелініп алынды. Ұсынылған жобалардың негізгі басым бағыттары - ІT технология, өндіріс, білім және жұмыспен қамту салалары болды.


   «Innovation»  байқауының  ең үздік бизнес-жобаларының авторлары: Наурызов Жеңіс, Дюсенбаев Нұрсұлтан , Демин Александр, Ильясова Диана, Резаев Евгений,Әбілдәбеков Қанат, Нұрлыбаева Айша, Ташходжаев Фархад, Айтуғанов Қуандықби, Ажибекова Анар есімді жас кәсіпкерлер болды. Әрбір жобаның жалпы соммасы 200 000 теңгені құрады. Бұл сомма әрине бизнес-жобаларды толығымен іске асыруға жеткілікті болмаса да, бастапқы баспалдақтарын қалауға септігін тигізері анық.
   «Innovation» стартап жобалар байқауы кәсіпкерлер арасында оң қадам танытып, өзгеде жас кәсіпкерлердің назарын аударуды. Жоба «Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық даму-2020» Концепциясы аясында жүзеге асырылуда.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.