• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Ақ орамал - татулыққа шақырады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитінде жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Оңтүстік өңірде  «Қазақстан халқы Ассамблеясының»  бастамасымен «Ақ орамал» республикалық акциясы бастау алды. 
    Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы өте терең. Ақ түс – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі болып саналады.


Аталмыш акцияның мақсаты – елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне байланысты бөліп жармай «Бейбітшілік» идеясы аясына шоғырландыру болып табылады. Барлық іс-шаралар жалпыадамзаттық құндылықтарды, ортақ тарихи сананы нығайтуға және Қазақстандағы барлық этностардың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға, қоғамдағы бірлік пен келісімді, азаматтардың санасында еліміздің бейбіт болашағы туралы сенімін нығайтуға бағытталмақ.


   «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты қайта жаңғыртылмақ. Яғни, әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған деседі.
   Осы мақсатта акцияның ұйымдастырушылары Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» жанындағы Аналар кеңесі «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлескен түрде, облыстық №1 перинаталдық орталығында болып, «Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер елдің елеулі азаматы болсын» - деп ақ батасын беріп, дүниеге нәресте әкелген жас аналарға ақ орамал жауып, сый-сияпат жасап қайтқан болатын. 
   «Аналар шаңырақ шуағы» тақырыбында өткен игі шара «Неке сарайында» жалғасын тауып, Тұрарбек Еламан мен Сейтбек Гүлнаурыздың неке қию салтанатты рәсіміне қатысты. Қалыңдыққа орамалдың қасиеті жайлы айтып, инабатты келін, ақ жаулықты ана болуға тілектестігін білдіріп, ақ орамал тарту етті. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды өңіріміздің барлық аудан, қалаларында тамыз айының соңына дейін өткізу жоспарлануда.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.