• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

«Айналаңды нұрландыр» акциясы

   Оңтүстік Қазақстан облысы нұрланып, мейірімдене түсуде. Олай деуіміздің себебі жақын күндері ОҚО, «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Айналаңды нұрландыр» акциясы бастау алған болатын. Бұл акцияның мақсаты – сырқаттанып жатқан балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың аурухана палаталарында өздерін жабырқау сезінбесі үшін, қабырғаларға сүйреттер салу болатын. Қазіргі таңда, аталмыш акция аясында барлық аудандарға осындай тапсырма беріліп, оның жүзеге асырылуы қадағалануда.


   Орталық басшысының айтуынша, акцияны ұйымдастыру барысында еш кедергі туындамаған, қайта облыстық және аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері бұл шараға қуанышты екендіктерін  жеткізіп, тіпті қол ұшын беруге әзір екендіктерін айтқан.


   Аз уақыттың ішінде бұл акцияға қолдау көрсетіп, өз өңірлерінде жүзеге асырған аудандар қатары күн санап артуда. Олардың қатарында Арыс, Созақ, Қазығұрт, Мақтарал және өзгеде аудандар бар. Аталмыш акцияға «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінен өзге еріктілерде тартылған. Олар  ауруханалардағы балалар бөлімінің әрбір палаталарының қабырғаларына түрлі мультфильм кейіпкерлерін, табиғат көріністері мен аспан әлемінің суреттерін бейнелеуде.


   Бұл акция сырқаттанып жатқан балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, олардың тез сауығып кетулеріне психологиялық тұрғыдан көмек болады деген үмітпен, алдағы уақытта бұл шара тек оңтүстік өңірде ғана емес бүкіл республика көлемінде қолға алынады деп сенеміз.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.