• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Ұлттық музей сенің қалаңда!

Шырайлы Шым қалада «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты көшпелі мәдени турының «ашық есік» күні өткізілмек. Еліміздің батыс өңірінен бастау алған бұл шара  бүгінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен оңтүстік өңірде жалғасын тапты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының  «Ұлттық музейінің» бастамасымен ұйымдастырылып жатқан көшпелі мәдени көрмеге ұлтымыздың ең құнды жәдігерлерінің бірегейі – «Алтын адам» экспозицияланды. 
   Жоба менеджері Ардақ Қожатаеваның сөзіне қарағанда, бірнеше күнге созылған мәдени тур аясында Ұлттық музейдің таңдаулы он жәдігері көрермендер назарына ұсынылмақ. Соның ішінде Жәңгір ханның зайыбы Фатима ханымның камзолы да бар. Онымен қатар мәдени турда келушілердің назарына «Ұлттық музейге саяхат» және 3D графикалық бейнероликтері де көрсетілмек.


   ҚР Ұлттық музейі еліміздің бай тарихы мен мұрамыздың мол екендігін танытатын аса ірі мәдени орталық екендігі белгілі. Ол музей ісінің талаптары жөнінен Азиядағы ең үлкен музей болса, нысанның үлкендігі бойынша әлемдегі үздік ондыққа кіреді. 


  Ауқымды турдың басты ерекшелігі - тек Ұлттық музей төрінде ғана тұратын бағалы мұралармен өзге өңір тұрғындарының да жақынырақ танысып, түсініп, зерделеуіне жол ашу болып табылады.
  Бүгінгі күнге дейін республиканың Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қызылорда облыстарында болған мәдени тур, алдағы уақытта Тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналған «Алтын адам» жәдігерін барлық облыстар мен қалаларда экспозицияланады деген жоспарда.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.