• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Тараз қаласының жер көлемі 33 гектарға дейін ұлғаятын болады

Тараз қаласының келбеті тек архитектуралық сән-салтанатымен ғана емес,  ауыл халқының қалаға қарай көшіп келуі, демографиялық өсімінің артуы себепті, тұрғындар саны күннен-күнге көбейіп келе жатқан шаһар болғандықтан шекерасы көршілес аудандар арқылы ұлғайтылмақ. Осы орайда облыс әкімдігінде Тараз қаласының жер ауқымын кеңейту жөнінде жиын болып өтті. Онда Тараз қаласының шекарасын Байзақ және Жамбыл аудандарының есебінен ұлғайтқан  кезде туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.


Облыс орталығының шекарасына таяу он шақырым аумағындағы жер көлемін есептегенде Байзақ ауданында 22652 гектар, Жамбыл ауданында 61536 гектар  жер бар. Бүгінде осы аудандар мен қаланың шекара аумағында шешімін күткен бірқатар мәселелер бар. Оларды уақыт оздырмай шешу қажет дейді атқарушы билік. Мәселен,  Байзақ ауданындағы Бурыл, Үлгілі, Сарыкемер, Бәйтерек, Ботамойнақ ауылдарының шекарасы тұрғын үй құрылысын кеңейтілуі  Тараз қаласы әкімдігімен бекітілген тәртіппен келісілмеген. Өзіндік қосалқы шаруашылық жер телімдері мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің  АИС ГЗК базасына толығымен енгізілмеген. Бұл мәселелер  Жамбыл ауданында да кездеседі. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Сайлауғалы Байназаров шаһар іргесіндегі қос ауданның жер учаскелерінің жалпы көлемі 84489,1 гектарға тең екенін, қаланың батыс бөлігін Аса өзеніне дейін, солтүстігіне қарай  Жамбыл, Көлқайнар ауылдық округтері есебінен кеңейтуге болатынын жеткізді. Көршілес аудандар аумағы арқылы кеңейген қаланың тыныс-тіршілігі келешекте жандана түспек. Бұдан басқа Байзақ ауданынан Бурыл, Қызыл жұлдыз және Қостөбе  ауылдық округтеріне тиесілі шамамен барлығы  отыз үш мың гектар жер есебінен кеңейту мүмкіндігі бар. Аймақ басшысы Асқар Исабекұлы қала аумағын жақын маңдағы аудан жерлерінің есебінен ұлғайтуда аса мұқият болу керектігін ескертті. Сондай-ақ, қала шекарасына таяу маңдағы Байзақ және Жамбыл аудандарының жер учаскелерін бөлуге арнайы қаулы негізінде тыйым салу керектігін, қаулы қабылданғанша мораторий жариялауды тапсырды.


 


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.