• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

"Қайырымдылық керуені" игі істерге мұрындық болуда

Жуалы ауданында тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктер берілді. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осы мақсатта көрсетілген көмек Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облыстық хатшылығының ұйытқы болуымен ұлттар достығын одан әрі нығайту мақсатында жасалып отыр. Бұл айтулы шара облыстың барлық аудандарында жыл сайын өткізіліп келеді. ҚХА-ның облыстық хатшылығы және облыс әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесінің бірлескен іс-шарасы өткен жылдары Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ және Жетітөбе ауылдық округтерінде өтіп, ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастаса, биылғы жылы аталған «Қайырымдылық керуені» акциясы аясындағы мәдени іс-шаралар легі Нұрлыкент ауылында өз жалғасын тапты. Аталған шарада этномәдени бірлестіктердің мерекелік концерті ұйымдастырылды. Концерт қазақ биімен ашылды. Сондай-ақ, мектептің психологы Дәметкен Якупова сөз алып, қайырымдылық керуенінің жұмысын жоғары бағалап, оларға мерекелік көңіл күй сыйлағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында ауылдық округтегі тұрмысы төмен бес отбасына азық-түліктей қайырымдылық жасалды. «Қайырымдылық керуенi» акциясы – қоғамда мейiрiмдiлiктi, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру мен қазақстандықтардың, солардың iшiнде балалардың, мүмкiндiгi шектеулi адамдардың өмiр жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған жоба.
Айта кетейік, «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы шеңберінде қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырыстары аудандарда өтті. Атап айтқанда, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің аймақтық кеңейтілген отырысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің аймақтық кеңейтілген отырысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің аймақтық кеңейтілген отырыстары жиі өткізіліп тұрады. Кеңес отырыстарында әр түрлі әлеуметтік тақырыптар мен мәселелер қозғалып, облыстық, аудандық деңгейде талқыланып, шешемін тауып отырады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.