• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Қылмысты тіркеу және тергеу электронды түрде жүргізілетін болды

Жамбыл облысында «Е-қылмыстық іс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Енді қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу және жазаны орындау барысы енді электронды түрде іске асырылатын болады, – деп хабарлайды «Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ баспасөз қызметі.


Игілігі мол жоба Елбасының елімізде цифрлы технологияларды дамыту туралы талабының аясында жүзеге асырылуда. Ол алдымен Астана қаласы мен біздің өңірде басталған болатын. Қазіргі таңда облысымызда жоба жүйелі түрде орындалып жатыр. Мәселен, бүгінде Байзақ аудандық ішкі істер бөлімшесі мен Тараз қалалық №1 ішкі істер бөлімшесі «Е-Қылмыстық іс» жобасына қажетті жабдықтармен 100 пайыз қамтылылып отыр. Ал алдағы уақытта бағдарламаны толық іске асыру үшін 60 млн теңгедей қаржы қарастылмақ.


Сондай-ақ, бағдарлама аясында соттан санкция электронды түрде алынып, жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын онлайн режимде көруіне мүмкіндік туындаған. Елбасының елімізде цифрлы технологияларды дамыту туралы талабының аясын­да жүзеге асырылған «Е-Қылмыстық іс» жобасы - қылмыстық про­цес­тің қылмыстың тіркелуінен бас­тап, оның тергелуі және үкім орын­далғанға дейін барлық сатысын қам­ти­ды. Электронды қылмыстық істің берері не? Біріншіден - қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды. Екіншіден - қажеті жоқ, артық қағаздан құтыламыз. Үшінші - электронды форматқа көш­се, істер тезірек тергеледі. Жүйеде 100 шақты процес­суал­дық құжаттың шаблоны болады. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады; Төртінші - талдау күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, мемлекет бойынша біркелкі практика қалыптастыруға мүмкіндік ашылмақ. Бесінші -  жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай тергеліп жатқанын кез келген уақытта онлайн режімде көре алады. Сондай-ақ, электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Тараптар тергеушінің іс-әре­ке­тіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады.  Бағдарлама бөгде адам­дар­дың, соның ішінде жүйенің әкімшілерінен қылмыстық іс материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуінен қорғайды. Істің материалдарына тек істі жүргізетін тергеуші және прокурор қол жеткізе алады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.