• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОҚО-да 1000-нан астам пәтер құрылысы жоспарлануда

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ОҚО әкімі Б.Атамқұлов пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы А.Жұмағұлов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. 
  Б.Атамқұлов мырзаның айтуынша, 2016 жылы тек қана Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларында және Мақтарал ауданында халықтың тығыз орналасуына байланысты, көпқабатты кредиттік тұрғын үйлерді салу жоспарланған. Кредиттік тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы органдар желісімен «Ұлттық қордан» 4,4 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 558 пәтерлі 11 үй салынатын болады. Тұрғын үйдің жалпы аумағы 31,5 мың ш.м. құрайды. Банк салымшыларына тұрғын үйдің 1 ш.м. 140 000 теңгемен өткізіледі және де «Байтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша жалпы аумағы 25 мың ш.м. асатын 432 пәтерлі 6 үй тұрғызылып, 1 ш.м. үшін 180 мың теңгемен берілетін болады.


Кездесуде банк жетекшісі А.Жұмағұлов қала әкімі Б.Атамқұловпен «Өз үйім» бағдарламасы бойынша да ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Шымкент сити» жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта осы ауқымды құрылыстың салынатын аумағы анықталып, жергілікті билік барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды қарастырып жатыр.


Оңтүстік өңірде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалының осы уақыт аралығында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламалары аясында атқарған жұмыстарының нәтижесінде жалпы аумағы 256,6 мың ш.м. құрайтын 3 227 пәтерлі 126 тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал, ағымдағы жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 216 пәтерлі 2 үй жалға беру жоспарланған.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.