• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Қордайда 12 түрлі ет өнімдері шығарылады

Қазақстанда ет өндірісін дамыту – басты назарда тұр. Өйткені мемлекетіміздің индустриялды-иновациялық бағдарламасының ең бір басты мақсаты - бәсекеге қабілетті және экспортқа шығара алатын өнімдерді өндіру. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін созып, кәсіпкерлік нысандарын ашу үшін азаматтарға лайықты қолдау көрсету мәселесін көтерген еді. Осы бағытта Қордай ауданының орталығы Қордай ауылында ашылған жаңа қасапхана жылына 6380 тонна ет өндіруга арналған.   «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өндірісті дамыту бағдарламасы бойынша 848 млн. теңгеге салынған жаңа қасапханада бір күнде 150 қой мен сексен сиырды союға болады. Ірі қара мен уақ малдарды Қордай жеріндегі шаруашылықтардан қабылдайды. Мал сою алаңы соңғы үлгідегі техникамен жарақтындырылған. Қасапхана жұмысшысы Александр Батанцев: -Құрылғылар түгел дерлік автоматтандырылған. Ол Голландия және Германиядан әкелінген. Мұнда негізінен шұжық өнімдері, туралғант ет пен ұзақ сақтауға болатын ет өнімдері шығады, - дейді.


 Дайын өнімді арзан бағамен Алматы, Тараз қалаларына, Қордай ауылдарының дүкендеріне тасымалдайды. Мұнда, мал өткізіп қана қоймай оны сойдырып алуға да мүмкіндік бар. Сиырды 3000 , қойды 1000, жылқыны 4000 теңгеге сояды. Қасапханада 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар қазір 12 түрлі ет өнімдерін шығарады.Қасапхана әзірге малды шаруашылықтардан қабылдау арқылы жұмыс істеп жатса, болашақта өз мал бордақылау кешендерін салуды да жоспарлап отыр.


 


Бөлісу:
XEvilBestgicle жазған (2018-11-15 17:39:59):

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.