• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

Cыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жер қатынастарына қатысты  процедураларда артық бюрократизмді болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін Шымкент қаласында жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді.


Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек қатысады.


Азаматтар, келесі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:


- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;


- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;


- жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;


- игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;


- өз бетімен құрылыс;


- жер учаскелерін, шекара салу;


- су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау аймақтары;


- жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.


 


Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп қатысуға шақырамыз!


Қосымша мәліметті 8 (7252) 536067 нөмірі арқылы алуға болады.


 


Семинар өтетін күні: 2018 жылы 31 қазан, сағат 14:00-де.  


Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қалалық оқушылар сарайы (Дворец школьников), Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысы.


 


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.