• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Халық қалаулылары жастармен кездесті

Мәжіліс депутаттары Г. Бижанова, У.Қайназаров, К.Мұсырман және Б. Смағұл Жамбыл облысындағы Мойынқұм, Қордай, Шу аудандарын аралап, ауылдардағы түйткілді мәселелермен танысты.


Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы «Жастар ресурстық орталығында» аудан жастарымен кездескен депутаттар жастарға арналған «Бастау – бизнес», «Қолжетімді баспана «7-20-25» бағдарламалары туралы айтты. Ал, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес ипотекалық несие беру «7-20-25» бағдарламасы ағымдағы жылдың 31 мамырында бекітілді, алғашқы қарыздарды беру шілде айында басталды.


– «7-20-25» бағдарламасы бойынша Қазақстанның кез келген қаласындағы тұрақты жұмысы немесе бизнесі бар адам қатыса алады. Бірақ, атына тіркелген баспанасы болмауы шарт. Және де несие тарихы барынша “таза” болу керек, – дейді депутаттар.


Сондай-ақ, мәжілісмендер Жолдаудан туындаған жаңа міндеттер жөнінде жастармен пікір алмасса, өз кезегінде аудан жастары ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі нұсқаушылардың қысқаруы мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдіріп, аудандағы жастар саласына қатысты туындап отырған біршама мәселелерді көтерді. Жастар мәселесі қашан да өзекті. Қоғамдағы адами капиталдың негізгісін құрайтын жастардың жұмыспен қамтылуы мемлекет тарапынан жиі қолға алынады.


Сонымен қатар, Жамбыл облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Б. Далабаев жастардың ішінде әлсіз топтар, мүгедектер, жетімдер бар екеніне, олардың қолдауды қажет ететінін, жастардың төмен айлыққа келмейтініне, бір күндік табыспен өмір сүріп жатқанын және осы сияқты басқа да өзекті мәселелерді айтты.


Сондай-ақ, осындай бағытта Шу ауданында да болған халық қалаулылары мен аудан әкімі Қайрат Досаев Шу қаласында орналасқан «Тарлан» спорт кешенінде болып, жұмыстарымен танысты. Ал, ҚР Парламентінің депутаты Бақтыбек Смағұл жасөспірімдерге патриоттық тәрбиедегі өлең шумақтарын оқып, балаларды бір серпілтіп тастады.


Бұған қоса, жастарды толғандырған сауалдарға Мәжіліс депутаттары жан-жақты жауап беріп, аталған ұсыныстарды Парламент қабырғасында көтеріп, назарларына алатындарын жеткізді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.