• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Дін мәселері талқыланды

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Достық үйінде «Дін мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға арналған өңіраралық семинар» өтті.


Семинарға қатысушы ретінде Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінен, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімдіктерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы, құқық қорғау және әскери органдардың қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен т.б. сала қызметкерлері қатысты. 


Облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың алғы сөзімен басталған семинарда Алматы облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы  Рахмет  Есдәулетов, Алматы қаласы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының басшысы  Айдар Есенбеков, Республикалық «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теолог-кеңесшісі  Ерлан Досмағамбетов, «Нұр-Мүбәрак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің докторанты  Нұржан Стамбакиев, Түркістан облысы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы  Асылбек Ноғаев  және Қызылорда облыс әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы  Бахытжан Камалов әр түрлі тақырыптарда дәрістер оқыды.


Шара барысында азаматтарымыздың арасында патриоттық сезімдерін нығайту, діни экстремизм көріністерінің және терроризм қатерлерінің алдын алу, теріс ағымдарға кірудің себептері, оны болдырмау және алдын алу жолдары кеңінен сөз болып, қатысушыларды толғандырып жүрген сауалдар талқыланып, пікірлер ортаға салынып, ұсыныстар айтылды.


Сонымен бірге, Жамбыл жеріне республикамыздың оңтүстік өңірлерінен келген дін істері басқармалары мен дін проблемаларын зерттеу орталықтарынан келген өкілдер мемлекеттің дін саласындағы саясатты жүзеге асыру барысындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.