• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Жастар үш тілділіктен жарысып, жеңімпаз атанды

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы үш тілді жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру және үштілділікті насихаттау мақсатында облыстағы полиглот жастар арасында «Тіл шебері – 2018» байқауын өткізді. Әсіресе, мемлекеттік қызметте істеп жүрген мамандарымыздың ана тілін жетік меңгеріп, соны жаза білгені бүкіл елімізге, азаматтарға, жұмысқа қажет дүние. Үш тілді білу – заман талабы. Бұл байқау Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту қоғамдық 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп отыр. Байқауға жоғары және арнаулы орта оқу орындарының 21-35 жас аралығындағы полиглот жастардан құралған командалар қатысты. Командалар «Тұсаукесер», «Ұлттаным» және «Өнертаным» кезеңдерінде өз білімдерін сынады. Екінші «Ұлттаным» турында сайысқа қатысушылар қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап берді. Жауап орыс тілінде басталып, ағылшын тілінде жалғасты. Жалпы әр қатысушыға бес минут уақыт берілді. Ал үшінші турда үміткерлер экранда берілген ұяшықтарды таңдап жаңылтпаштарды айтудан өзара сайысқа түсті. Сайыстың шарты бойынша үміткерлер 3 тілдегі жаңылтпаштарды жаңылмай 3 реттен айтты.


Үш тілде еркін сөйлейтін мемлекеттік қызметші жастардың арасынан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын сәтте ортаға қазы алқалары кезектерімен шақырылды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Жамбыл экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжінің «Алғырлар» тобы, ІІ орынды Жамбыл политехникалық колледжінің «Циклон» тобы, ІІІ орынды Тараз мемлекеттік университетінің «Жас Learners» тобы иеленді. Ал, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Абай» тобына, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Жібек жолы» жастары» тобына, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «TARSU KZ» тобына облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.


 


  


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.