• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Жамбылдық кәсіпкер лер Atameken services онлайн қызметіне жүгінеді

Өңірде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылды. Осылайша кәсіпкер кеңесшінің көмегінсіз-ақ қажетті қызмет түрін пайдалана алады.


Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында services.atameken.kz интернет-ресурсы арқылы кәсіпкер бухгалтерлік және есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық, кедендік рәсімдеу, ақпараттық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің өтініштерін сүйемелдеу, маркетинг, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік сатып алу сынды қызмет түрлеріне тапсырыс беріп, пайдалана алады.


– Кәсіпкер сервис арқылы бизнес негіздеріне оқытуға жазылып, қаржыландыру, шығындарды азайту, мемлекеттік бағдарламалар бойынша толық ақпаратты ала алады. Сонымен бірге, қызметтер офлайн режимінде де көрсетіледі. Талдықорғандағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бухгалтерлік, құқықтық және маркетинг қызметтері бойынша кеңесшілер жұмыс істейді, – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.


Тараз қаласының «Кәсіпкерлер үйінде» орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудандардағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істеудің жаңа форматына шілде айының ортасынан бастап көшкен болатын. Жаңалық еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.


Өңірлік палатаның мәліметі бойынша, шілде айынан бері аймақтағы 219 кәсіпкер services.atameken.kz платформасы арқылы қызметтерді пайдаланған.


Жыл басынан бері Тараз қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 600-ге тарта бизнес субъектісі сервистік қызметтерге жүгінген. Оларға 1043 сервистік қызмет түрі көрсетілген. Жалпы облыс бойынша Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарында тоғыз ай ішінде екі мыңнан астам кәсіпкерге 2630 сервистік қызмет пен кеңестер берілді.


Естеріңізге сала кетейік, , өткен жылы Таразда ашылған «Кәсіпкерлер үйінде» өңір кәсіпкерлеріне кешенді әрі мобильді түрде қызмет көрсету үшін «Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері», «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы», «Жергілікті инновация кеңсесі», «Жобалық басқару және цифрландыру кеңсесі», «Казах Инвесттің жергілікті кеңсесі», «Туристік ақпараттық орталық» орналастырылған болатын. Қосымша Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жер қатынастары басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, миграциондық қызмет, екінші деңгейлі банктер, «Даму» қоры мен өзге де қаржы институттары қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлердің үйінде сондай-ақ, «Жергілікті Кәсіпкерлер палатасының» оқыту орталығы бар. Кез келген адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, шеберлік сыныптары мен бизнес саласында біліктілігін арттыруға көмектеседі.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.