• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Алғашқы медициналық санитарлық көмек саласында қызмет атқаратын Меркі ауданының медициналық қызметкерлері үшін «Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ мәселелері бойынша тұрғындарға кеңес» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығының мамандары семинар-тренинг өткізді.


Кездесуге өз аймағының тұрғындарын жетік білетін МП, ФАП, ОДА, ОАЕ қызметкерлері  бірінші кезекте шақырылды. Тұрғындармен алдын алу жұмысын жүргізудің негізі болып «ақпараттанған адам азулы» қағидасы саналды.


Айта кетейік, АИТВ туралы ақпараттанған адам оны жұқтырудан да аулақ болады. Психоәлеуметтік кеңес сұрақтарына аса көңіл аударылды.


Шарада түрлі санаттағы тұрғындармен және шамалы топпен тәжірибе жүзінде кеңес беру дағдылары үйретілді. Тыңдаушылардың тәжірибелік сабақта жіберген кемшіліктерін облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі  Ғалия Садыбекова жұмыс барысында түзетіп отырды.


Бұл ұйымдастырылған тест жұмыстары Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының арасында бекітілген меморандум міндеттерін орындау дегенді білдіреді. Ал, Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы осындай семинар-тренингпен бірнеше ауданға іс-сапарға шығуды жоспарлап отыр.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.