• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Түлкібас аудандық сотының төрағасы ауылдық округтерге барып аудан тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының төрағасы Бекназаров Маратәлі Өсербайұлы мен судья Муханова Ақмарал Нілдібайқызы аудан әкімшілігімен келістірілген кестеге сай, жыл басында Жоғарғы Соттың төрағасы Ж.Асановтың еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің 7 түйіні» атты бағдарламасын халық арасында насихаттау мақсатында, аудан халқы арасында туындап отырған көптеген дауларды сотқа дейін реттеу бойынша құқықтық насихат жұмыстарын жүргізіп, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша, мемлекеттік тілді дамыту аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Түлкібас ауданы бойынша 5 ауыл округтерінде, яғни Шақпақ, Жабағылы, Кемербастау, Түлкібас, Мичурин ауыл округтерінде тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.


Іс-шараға ауылдық округтердің әкімдері мен әкімшілік қызметкерлері (өзі қызмет ететін ауыл округінде), ішкі істер бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері, ауылдық ақсақалдар, ауыл билері мен кәсіби емес медиаторлар және аудандық «Шамшырақ», «Машат» қоғамдық-саяси газеттерінің тілшілері қатысты.


Кездесуде сөз алған Түлкібас аудандық сотының төрағасы М.Ө.Бекназаров, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасымен еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің 7 түйіні» атты бағдарламасын, оның ішінде сотқа дейінгі медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша жүзеге асырылып жатқанын, бұл сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, медиация институттың дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігін түсіндірді.


Іс-шараға қатысқандар медиацияны дамытуға қолдау көрсетуге дайын екендерін және кей ауыл округтерінде медиация дамығанын, (ауыл билері) медиаторлар болып сайланғандығын, қазіргі таңда олар халықпен жұмыс жасап жатқандықтарын хабарлады.


Аудандық сот төрағасы М.Ө.Бекназаров қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріп және туындап отырған сұрақтардың заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.