• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Таразда “Қайрат Рысқұлбеков” атындағы саябақ қайта жаңғыртылды

Қала күніне орай  “Желтоқсан” көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың есімімен аталған саябақ толық жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.


Халық қаһарманы, қасиетті Жамбыл өңірінің батыры Қайрат Рысқұлбековтің есімімен  аталатын саябақ облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен жаңғыртудан өтті. Басты мақсат 1986 жылғы “Желтоқсан” оқиғасына қатысушыларға деген құрмет көрсету, Тәуелсіздік жолын  өскелең ұрпаққа жеткізу, жастардың патриоттық сезімдерін күшейту.


Саябақтың жобасын – “Табыс жоба”ЖШС дайындаған. Құны-40,9 млн. теңге. Аумағы-6,5 гектар.


Саябақ аумағында батырдың толық ескерткіші орнатылған. Биіктігі – 2,8 метр.


Саябақтағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, драматург Елен Әлімжан, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұрат Бердалиев ашты. 


-Бүгін Қайраттың дауысы жанымыздан естілгендей болып тұр. Қайрат бауырым түрмеде жатқанда шындық әрқашан  жеңеді деп айтқан еді. Бауырым Қайраттың аты еліне танылғаны үшін өте қуаныштымын. Барлықтарыңызға алғысым шексіз!,-деді Қайрат Рысқұлбековтың әпкесі Гүлнар Рысқұлбекова.


Саябақ алдында Қайрат Рысқұлбековтың аты жазылған маңдайша мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және өзге де ұлы тұлғалардың  сөздері жазылған тақталар қойылды. Саябақ аумағында «Желтоқсан-86» орталығы, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, қайта жаңғыртудан өткен «Ардагерлер» үйі және «Ғибрат» орталығы, «Шахмат» алаңы, балалар және спорттық алаңшалары орналасқан.


Қала күні мерекесі қарсаңында тараздықтар үшін тағы бір жағымды жаңалықтың бірі - “Үш бұлақ” жағалауы жаңғыртудан өтіп, ұзындығы 72 метрді құрайтын көпір ашылды.Қайта жаңғыртылған «Үш бұлақ» жағалауын қала тұрғындары үшін лайықты демалыс аумағына айналдыру жұмысы «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жобамен байланысты. Көп жылдан бері каналдың жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сын айтылып келген еді. Бұл аумақтың қайта жаңғырту жобасы “Жеңіс” саябағымен жалғасып жатыр. Жалпы алаңы 6,5 гектар жерді абаттандыру жұмыстары кезінде 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Көпірдің ұзындығы – 72 метр, ені – 3 метр. Бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге кеңейді, демалушылар тамашалайтын  5 дана аққу, 4 дана үйрек пен ақ амур және карп сияқты 3000-ға жуық балық жіберілді. Сондай-ақ, демалыс орталығының ашылуы барысында облыс әкімі мен мемлекеттік қызметкерлер, қала қонақтары мен ардагерлер жеміс көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, жағалауда каналға шығатын 3 дана пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар, суда жүруге арналған катамарандар қойылып, каналдың бойында ұзындығы 700 м құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынады.


Сондай-ақ, еліміздегі ең ұзын және ерекше субұрқақ Тараз қаласында ашылды. Қала күні қарсаңында көне шаһар тұрғындарына тамаша тарту болған 220 метрлік субұрқағы «Желтоқсан толқыны»  аллеясыда орналасқан.


Бұлақ боп атқылаған «Желтоқсан толқыны» субұрқағының ұзындығы – 220 метр. Алғашқы толқыны 86 деген монументальды мафтан басталады.


Субұрқақтың 2 жағында пырақтың, 14 дана барыстың және самұрықтың мүсіндері орналасқан. Толқындар субұрқақтың соңына жетіп, кері қайтқанда Тәуелсіздікті белгілейтін күн мен бүркіттің бейнесіне айналып, Егемендікке ұласады.


Субұрқақ ақ мәр-мәр тастан жасалған. Ал, “Желтоқсан толқыны” аллеясының аумағы 0,5 гектар, ені – 20 м. ұзындығы – 240 м. Құны – 284 млн. теңгені құрайды.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.