• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Тараздағы жаңа көпір мен ерекше субұрқақ бой көтерді

Қала күні мерекесі қарсаңында тараздықтар үшін  “Үш бұлақ” жағалауы жаңғыртудан өтіп, ұзындығы 72 метрді құрайтын көпір ашылды.  Қайта жаңғыртылған «Үш бұлақ» жағалауын қала тұрғындары үшін лайықты демалыс аумағына айналдыру жұмысы «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жобамен байланысты. Көп жылдан бері каналдың жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сын айтылып келген еді. Бұл аумақтың қайта жаңғырту жобасы “Жеңіс” саябағымен жалғасып жатыр. Жалпы алаңы 6,5 гектар жерді абаттандыру жұмыстары кезінде 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Көпірдің ұзындығы – 72 метр, ені – 3 метр. Бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге кеңейді, демалушылар тамашалайтын  5 дана аққу, 4 дана үйрек пен ақ амур және карп сияқты 3000-ға жуық балық жіберілді. Сондай-ақ, демалыс орталығының ашылуы барысында облыс әкімі мен мемлекеттік қызметкерлер, қала қонақтары мен ардагерлер жеміс көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, жағалауда каналға шығатын 3 дана пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар, суда жүруге арналған катамарандар қойылып, каналдың бойында ұзындығы 700 м құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынады.


Сондай-ақ, еліміздегі ең ұзын және ерекше субұрқақ Тараз қаласында ашылды. Қала күні қарсаңында көне шаһар тұрғындарына тамаша тарту болған 220 метрлік субұрқағы «Желтоқсан толқыны»  аллеясыда орналасқан.


Бұлақ боп атқылаған «Желтоқсан толқыны» субұрқағының ұзындығы – 220 метр. Алғашқы толқыны 86 деген монументальды мафтан басталады.


Субұрқақтың 2 жағында пырақтың, 14 дана барыстың және самұрықтың мүсіндері орналасқан. Толқындар субұрқақтың соңына жетіп, кері қайтқанда Тәуелсіздікті белгілейтін күн мен бүркіттің бейнесіне айналып, Егемендікке ұласады.


Субұрқақ ақ мәр-мәр тастан жасалған. Ал, “Желтоқсан толқыны” аллеясының аумағы 0,5 гектар, ені – 20 м. ұзындығы – 240 м. Құны – 284 млн. теңгені құрайды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.