• Бүгін: 17.09.2019

Жаңа орынбасарға нақты тапсырмалар жүктеді

Бүгін Таразда Жамбыл облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзаxметовтың қатысуымен партияның облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлері арасында тоғыз айдың қорытындысы бойынша жиын өтті. Басқосуда партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Сонымен бірге облыстық “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы xатшысы Уәлиxан Болатбек екі жобаның жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінде өңірімізде еріктілердің атсалысуымен бес жүзге жуық оқушы жастар мектеп бағдарламасынан бөлек ағылшын тілін үйренуде. Коворкинг орталықтарын ашу шаралары да белсенді жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, филиалдың саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова мекемелердің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “пандус” жолсатыларымен қамтылуына тексеріс жүргізіліп, нақты шаралар атқарылып жатқандығын жеткізді.


Облыс басшысы партия филиалының жұмысы тоқсан сайын бағаланып, есебі ай сайын қаралып тұру керектігін ескертті. Партия тарапынан сайланған мәслиxат депутаттарының есебі де ескерусіз қалмау керектігін, аудандық филиалдар болмашы флешмоб, акциямен ғана шектелмей, нақты жұмыстармен айналысуын, олардың жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, Асқар Исабекұлы партияның облыстық филиалы облыс әкіміне кез-келген істе көмекші болып, Елбасы бастамалары мен міндеттерін жүзеге асыруда, өңірдің экономикасын арттыруда, xалықтың әл-ауқатын көтеруде жанды жұмыстар жүргізу керектігіне тоқталды. Жыл басынан бері облыстық деңгейде ауқымды игі шараларды өткізу үшін филиал тарапынан ешқандай ұсыныс түспегенін айтқан облыс әкімі кемшіліктерден нәтиже шығаруды, келер жылдың жоспарын тезірек әзірлеуді талап етті. Сондай-ақ, жуырда ғана тағайындалған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуовке нақты тапсырмалар жүктеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 337 бастауыш партия ұйымында 69039 партия мүшесі бар. Партия мүшелері қатарына белсенді жастар, өндіріс саласындағы жас мамандар, шағын және орта бизнес өкілдері, спортшылар мен мәдениет саласының өкілдері топтастырылған.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.