• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Таразда «Сағат» стелласы құрылысы жұмыстары жүргізілуде

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиында Тараз қаласының архитектуралық келбеті, алдағы жылы бой көтеретін нысандар тілге тиек етілді. Қала күні қарсаңында ел игілігі үшін бірнеше нысандар ашылғаны белгілі. Сондықтан, қала келбетін одан әрі көркейту мақсатында жұмыстар тоқтаусыз жалғаса бермек.


Қазіргі таңда “Көне Тараз” кешені маңындағы алаңында төрт жақтан сағат механизмдермен жабдықталған «Сағат» стелласы құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, Төле би даңғылының бойымен «ТаразКожОбувь» ЖШС-нен бастап «Көне Тараз» тарихи кешеніне дейін скверде қала тұрғындарының серуен құруына арналып «Арбат» құрылысы жүргізілетін болады. «Арбат» бойымен сурет галереясын, қолөнершілердің туындыларын тамашалаған қала жұртшылығы МАРТ ойын-сауық орталығына келіп, демалыстарын жалғастыру мүмкіндігі туындайды.


Сондай-ақ, «Тектұрмас» кесенесі аумағын абаттандырылып, Талас өзенінің бойынан демалыс аумағы ашылады. Мұнда Тектұрмас пен «Көне Тараз» тарихи кешенімен байланыстыратын аспалы көпір салу жоспарлануда. Айта кетейік, қаланың аумағын абаттандыру мақсатында, 2019 жылға да кең ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады. Олар, «Мамыр», «Түрксиб» және Тұңғыш Президент  атындағы саябақтарды қайта жаңғырту, сондай–ақ, «Тараз Арена» спорт кешенінің маңында «Даңқты спортшылар» аллеясын, және «Қарасу» алқабындағы «Жас түлектер» аллеясын, «Зербұлақ» көлінің маңын абаттандыру болып табылады. Тараз қаласы ежелден даңқты Жібек жолының бойында орналасқандығы үшін тарихта аты мәлім, сол себепті қаланы көріктендіру жұмыстарымен қатар, туристердің қатарын арттыру бағытында жұмыстар жалғасады. Қаланың сән-салтанаты күннен күнге артып келеді. Бұған тараздықтар мен сырттан келген қонақтардың жылы лебізі мен айтқан алғыстары куә.


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.