• Бүгін: 23.01.2019 |$1 = ₸378.23

Техникалық және кәсіптік білім. Еңбек. Табыс.

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәдениет үйінде «Техникалық және кәсіптік білім. Еңбек. Табыс» атты облыстық ІІ еңбек форумы өтті. Шара техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының аясында болып отыр. Форумда білім берудің жаңа сапасын қалыптастыру жолдары мен еңбек нарығына қажетті кадр даярлау ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өңірімізде жүзеге асып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға тоқталып, еңбек ресурстарының балансына сай маман даярлаудың өзектілігін жеткізді. Форум мақсаты – нарықтық бәсекелестікте сапалы маман даярлауға ұйытқы болу.


Кәсіпорындар базасында дуальдік оқыту жүйесінде теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану арқылы өндірістік жағдайларға тез бейімделген он бес студентке өндірістік мекемелер тарапынан стипендиялар тапсырылды. Форум барысында әлеуметтік серіктестер арасынан үздіктер анықталып «Үздік әлеуметтік серіктестер» номинациясымен «Имстальком» ЖШС бас директоры В.В.Демин, «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Н.Күздікбаев, «ГИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Н.В.Веселова марапатталды.


Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің рейтингісінің қорытындысы бойынша «Үздік қала колледжі» номинациясымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Үздік ауыл колледжі» номинациясымен №3 Байзақ колледжі марапатталды. Форум соңында облыста жаңадан ашылған және қайта құрылған өндіріс орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Келешекте студенттер аталған кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, жақсы деп танылған мамандардың алдағы күндері жұмыспен қамтылуына мүмкіндіктер бар деген сөз.


Елбасының тікелей тапсырмасымен еліміздің жастары тегін кәсіптік-техникалық білім ала бастады. Қазіргі таңда «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы аясында колледж­дерде 25 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Қысқа уақыт­та нақты кәсіпті меңгеріп шыға­тын жастар енді ел экономикасына едәуір серпін берері анық.



 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.