• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Сайлау ойдағыдай өтті


Өткен жексенбіде Жамбыл облысында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының ваканттық бос орындарына сайлау өткен болатын. Сайлау науқаны барысында облыстың 4 сайлау округі бойынша 29025 сайлаушы тіркелген. Олардың 83,4 пайызы сайлауға  қатысып, дауыс берген. Бұл республикада  әулиеаталық жұртшылықтың саяси белсенділігі жоғары деген бағасына ие болған. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің басапсөз орталығында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков баяндады.


Жалпы, облыс бойынша облыстық және аудандық мәслихаттарға 4 мандат босаған болатын. Бұл орындарға облыстан 3- Қордай ауданының екі округі бойынша алты және Мойынқұм ауданы бойынша 3, барлығы 12 кандидат ұсынылған. Олардың төртеуін «Нұр Отан» партиясы ұсынса, қалғандары өзін өзі ұсынғандар.  Саяси науқанға 24 мың 200 сайлаушы қатысыпты. Нәтижесінде 4 азамат облыстық және аудандық мәслихаттардың депуттатығына сайланды. Депутаттық мандатқа ие болған азаматтардың дені 80 пайыздан астам дауыс жинаған.


Махметғали САРЫБЕКОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Сайлау процессін саяси партиялардыңғ бұқаралық ақпарат құралдарының және кандидаттардың сенім білдірген өкілдерінен құралған 43 байқаушы бақылапты. Саяси маңызды науқанды өткізуге республикалық бюджеттен 19 млн. 283 мың теңге бөлінген. Комиссия төрағасының айтуынша, сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар орын алмаған.


Махметғали САРЫБЕКОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Махметқали Сарыбеков сондай-ақ, келесі жылдан бастап, сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілгенін атап өтті.  Алдағы жылы елімізде сайлау науқаны көбейеді.  Осыған орай,  аумақтық сайлау комиссияларының жауапкершілігін күшейту мақсатында тұрақты екі адам бекітіліп, жұмыс жасайды. Бұған дейін мұндай қоғамдық жұмысты тегін атқарып келген азаматтарға  жалақы төленетін болады. Бұдан бөлек, дауыс берушілердің тізімін жинау, оларды іріктеу сынды жұмыстар электронды форматта жүргізіледі.


Дереккөз: taraztv.kz




 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.