• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Жаңа әліпби — жаңа дәуір сұранысы

«Латын жаңғыруы –жаңа әліпби». Осындай атпен облыстық тіл басқармасының мамандары Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас аудандарын аралап семинар-тренинг өткізді. Онда жоғары оқу ордалараның  филология жән журналистика кафедраларының ұстаздары дәріс оқыды.


Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы, яғни жаңартылған білім мазмұны латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосатын болады.  Ал, латын әліпбиіне өту қазіргі жастар үшін жаңа заманауи технологияны игерудің бірден-бір жолы. Семинарға әр ауданда қызмет ететін ішкі істер, банк, ХҚКО мамандары мен медицина қызметкерлері қатысты. Басқосуда спикерлер латын әліпбиінің маңызды тұстарын атап өтті.  Латын қаріпіне ауысу туралы ой-пікірлер 1926 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға белгілі. Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне ауыстырылған. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді. Ендігі жерде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру- уақыт сұранысы болып отыр.  Іс — шара соңында республикалық «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі психологиялық тренинг өткізді.


Дереккөз: taraztv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.