• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Мамандықты дұрыс таңдай біл

Қазіргі ғылыми – техникалық үдерістің үздіксіз, қарқынды дамуы — білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Қоғамға қажетті мамандық таңдау – басым бағыттардың бірі.  Байзақ ауданына қарасты №1 мектеп-гимназиясында  өткен «Мен мамандық әлеміндемін!» акциясы өзекті мәселеге тұздық болды.  Шара барысында әр салада қызмет етіп жүрген кәсіби мамандар мектеп оқушыларына дәріс оқыды, тәжірибесімен бөлісті.


Аталған акция Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Жалпы алғанда, адам өзінің болашақ кәсібіне түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ол арманының орындалуы, енді басқалар үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс десек, кейбіреулердің алдында әйтеуір бір маман иесі атану міндеті тұрады. Ал түптің түбінде мамандық таңдау үшін адам өз бейімділігін тануы қажет.  Дұрыс таңдалмаған мамандық адамның өзіне де, қоғамға да кері әсерін тигізеді. Сондықтан, шақырылған қонақтар осы мәселеге қатысты жас ұрпаққа тағылымды ой айтып, оң бағыт – бағдар берді.


Өз кезегінде оқушылар да болашаққа таңдаған мамандықтары төңірегінде әңгімеледі. Олардың армандары асқақ, мақсаттары биік.


Ұйымдастырушылар ақпараттық технологияны пайдалануда өзіндік ойы бар, бәсекеге қабілетті, зерделі креативті тұлға қалыптасуына бағытталған акция өз жемісін береді деп сенеді. Жиын соңы концерттік бағдарламамен түйінделді.


Дереккөз: taraztv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.