• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық турнир

Қазақстан Республикасының Президентінің Кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы футболдан  ІХ Халықаралық турнир басталды.


   2008 жылы Алматы қаласында бастау алған бұл халықаралық турнир, соңғы 6 жыл көлемінде елордамыз Астана қаласында өткізіліп келген. Қазақстан Футбол федерациясының ұсынысына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2016 жылы ІХ турнир Шымкент қаласында өткізіліп отыр.


   Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Президентінің Кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы футболдан халықаралық турнир Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет өтуде.
   Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай қолға алынған спорттық іс-шараға Албания, Әзербайжан, Иран, Рессей-2, Қырғызстан, Тәжікстан, Крузейро-Қазақстан және Қазақстан футбол командалары қатысады.


   Халықаралық турнирдің жүлде қоры қомақты:


3-орын алған командаға - 3 мың АҚШ доллары;


2-орын алған командаға - 5 мың АҚШ доллары;


1-орын алған командаға - 7 мың АҚШ доллары.


  Сонымен қатар, ұйымдастырушылар алқасының тарапынан «Үздік төреші», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Турнирдің Үздік мергені» және «Үздік ойыншы» номинациялары да тағайындалған.
   Аталмыш турнир барысын  «Тассай» шағын ауданында орналасқан  «БИІК» спорт кешенінен көре аласыздар. Ал, турнирдің ақтық ойыны 2016 жылдың 12 тамызында, сағат 17.00-де Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.