• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Сүт бағытындағы мал шаруашылығы

Жамбыл жерінде сүт кластерін дамыту үшін бүгінде нақты жұмыстар жүргізілуде. Ол жол бойындағы тауарлы сүт фермаларының ашылуымен байланысты. Мәселен: Қордай ауданындағы «Қақпатас- Қордай» серіктестігі биыл Германиядан 200- бас сүтті бағыттағы ірі қара малын алып келген.


Қордай ауданындағы Қақпатас ауылында орналасқан сүт өндіру кешенінде бұрын қазақтың Алатау сиырлары ұсталса, биыл Германиядан 200- бас Швиц атты ірі қараның жаңа тұқымы алынды. Бұл тәулігіне 25 литрге дейін сүт беретін асыл тұқымды сиыр. Шаруашылықтың негізгі мақсаты да сол сүт бағытын жандандыру.


Дүйсехан ҚОШАЛИЕВ «ҚАҚПАТАС- ҚОРДАЙ» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ


«Қақпатас- Қордай» серіктестігі Германиядан әкелінген «Делаве» атты жаңа қондырғы орнатты. Оның сиыр саууға тиімділігі зор. Бір мезетте 24- бас ірі қара осы жерге әкелініп, оны екі сүт фермасының қызметкері арнайы құрылғымен сауып алады. Сүттің майлылығы, сапасы мен өзге де қасиеттерін жоғарыдан бақылап отыратын оператор арнайы компьютер арқылы бірден шығарады.


Мұхамеджан ӘЛІМБЕТОВ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмыстары Қордай ауданында жақсы жолға қойылып отыр. Биыл тағы да бірнеше шаруашылық осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін несие алуға өтініш берген.


Дереккөз: taraztv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.