• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасындағы жаңа белес

Таразда «Қазақстан – Өзбекстан қарым-қатынастары контексіндегі мәдениеттер диалогы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды шараға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген ғалымдар мен этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты. Толығырақ тілші тарқатады...


Алыстан ат арылтып келген құрметті қонақтарды ұйымдастырушылар ұлттық тағамдардан дәм татқызып, құшақ жая қарсы алды. Мұнан соң меймандар өңірдің жоба-жоспары қойылған кеңсемен танысып, шағын экскурсия жасады. Аз уақыттан соң маңызды жиынның өзі де басталды. Мақсаты - сан-ғасырдан жалғасып келе жатқан достықтың даңқын асырып, бірлікті нығайту.


Асқар АБДУАЛЫ – ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР


Үш ел ғалымдарының басын қосқан халықаралық конференция алаңында кейбір маңызды мәселелер ашық айтылды. Баяндамашылардың барлығы бір тақырып аясында, яғни - бауырлас елдердің басын біріктірер факторлар маңында топтасу жайын сөз етті. Бұл үшін түбі бір туысқан елдердің тарихын кеңінен насихаттап, ғылым мен білім сондай-ақ, мәдениетін дамытуға ортақ күш салу керек деген ой түйді олар.


Жаныш ҚАЛЫМБЕТОВ – ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР / Қырғызстан/


Сонымен қатар, бүгінде теріс ақпараттың тым көптігінен туындап отырған кейбір проблемалар да қаузалды. Сондықтан сыйластыққа сызат түсірмей ушыққан істі дер кезінде шешу маңызды. Ол үшін осындай конференциялардың ортақ тәжірибе қалыптастыруда атқаратын рөлі айрықша. Айта кетейік, биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып белгіленді. Енді, келер жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы аталып өтілетін болады.


Дереккөз: taraztv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.