• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Тиімді басқару - заман талабы

Мемлекет қазынасына шығын келтірмей, жобаларды жоспарлап, тиімді жүзеге асыру. Заман ағымына қарай өзгерістерге бейімделе білу. Бұл талапқа әрбір мемлекеттік қызметкер сай болуы тиіс. Десе де, жобаларды басқару кезіндегі кәсібилігін жоғарылату үшін аймақта 5 күндік семинар оқуы басталды. Мұнда өңірлерден шақырылған мемлекеттік қызметшілер мамандардан  дәріс алып, өзара тәжірибе алмасады.


Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттілігі Елбасының кезекті Жолдауында нақтыланған. Сондықтан сала басшысы тек қана басқару емес, халықтың сұранысын қамтамасыз ету керек. Тез шешім қабылдап, жаңа технология қыр – сырын игеруге 20 – дан астам мемелекеттік қызметші оқытылды.


Алданбек Таусаров -  Талас аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы


Дәріс оқитын мамандар  шетелде білімін шыңдап, басқару ісіндегі озық тәжірибелерді жинақтаған. Олар Батыстың көшірме үлгісі емес, Қазақстанға тиімді тұстарын айтамыз дейді. Семинар соңында тыңдаушылар Ұлттық стандартқа сәйкес сынақтан өтіп, «Жоба басшысы» кәсіби құжатына ие болады.


Жанар Тайжанова – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы


Шара облыс бойынша мемлекеттік басқару академиясының филиалы негізінде ұйымдастырылған. Семинар барысында анықталған үздіктер жобаларды тиімді басқаратын арнайы тізімге енгізілетін болады.


Дереккөз: taraztv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.