• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Жолдауда жүктелген міндеттер айқындалды

Халыққа жолданған Жолдауда көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді барлығымыз жұмыла отырып, жүзеге асыруымыз қажет. Меркіліктердің ортақ ойы осыған саяды. Себебі, орынды мақсаттар ғана табысқа жетелейді. Күні кеше аудан әкімдігінде республикалық ақпараттық топ өкілдерінің жергілікті жұртшылықпен кездесуі мен аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен облыстық семинарда осы жәйттарға айрықша басымдық берілді.


Елбасының биылғы жолдауы әдеттегідей елдің еңсесін көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды. Онда ең төменгі жалақы мөлшері көбейтіліп, ел экономикасының одан ары дамуына жағдай жасау қарастырылып отыр. Жастарға серпін беріп, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге қолдау да мейлінше арттырылмақ. Семинар - кеңесте мәдениет нысандарын цифрландыру жайы кеңінен сөз болды. Бұл да Елбасы жолдауынан туындайтын нақты мәселенің бірі. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы ел ішіндегі ескі жаңғырту үрдісін аяқтап, эконо­микамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз етіп, жеделдетілген техн­ологиялық жаңғырту басым­ды­ғына көшуімізді арттыратын жоба. Жиында облыс әкімінің тапсырмасына сай аудандық мәдениет үйлерінде ашылған ақпараттық орталықтың жұмысы талқыланды.


Дереккөз: taraztv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.