• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Созақта станция салынбақ

Бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздер өз нәтижесін беруде. Германиялық холдинг пен Созақ аудан әкімдігінің арасында өткен келіссөздердің аясында, алдағы жарты жылдықта Созақ ауданында күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салу жоспарлануда.


   Таулары мен қыраттары жоққа тән, тасты-құмды шөлді, жазық далада орналасқан Созақ ауданы сыңды жерлер жел мен күннен қуат жинауға таптырмайтын өңір болып саналады. Аталмыш жобаны іске асыруға германиялық «GreenEnergy 3000 Holding» ниет білдіріп отыр. Теріскейге күн қуатымен электр энергиясын өндіретін станиция соғу туралы келісім, «GreenEnergy 3000 Holding» холдингктің Қазақстандағы өкілі Ақылбек Саматұлы мен аудан әкімі Мақсат Исаевтың өзара кездесулері барысынан кейін белгілі болды отыр. Қазіргі таңда Германиялық холдинг, «GreenEnergy 3000 Holding- ке» қарасты Созақ ауданы «ЮКСЭС-50» ЖШС филиалы жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Қажетті құжаттарды әзірлесе,  күн сәулесін электр энергиясына айналдыратын станияның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталып, 200-ге тарта жұмысшы тартылады деп жоспарлануда. Алдағы жылы толық қуатымен жүзеге асатын бұл жобада 50 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 50 МВт электр энергиясын өндіретін жобаның тұтынушысы «KEGOC» АҚ болады.


   Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бұдан өзге де аудан, қалаларға күн электр станцияларын салу жоспарлануда. Олардың қатарына Арыс, Жетісай қалалары, Сайрам ауданы, Көксарай ауылы мен  Жылға ауыл округі кіреді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.